Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Үкімет басшысы мас күйінде көлік жүргізетіндерге қатаң шара қолдану керектігін айтты

Биыл жол-көлік оқиғалары азайғанымен, кей облыстарда апат деңгейі әлі де жоғары

Новости Казахстана / Үкімет басшысы мас күйінде көлік жүргізетіндерге қатаң шара қолдану керектігін айтты
Фото:
primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев биыл жол-көлік оқиғаларының негізгі көрсеткіштерінің төмендегенін айтты: жол-көлік оқиғалары – 13%-ға (8 253-тен 9 429-ға), зардап шеккендер саны – 16%-ға (12 394-тен 10 448-ге дейін), қаза тапқандар – 1%-ға (1478-ден 1468-ге дейін). Дегенмен, жалпы оң динамикаға қарамастан, Алматы қаласы, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында апаттар деңгейі әлі де жоғары.

Сонымен қатар биыл 5,5 млн-нан астам жол қозғалысы ережесін бұзуға тосқауыл қойылғаны, 15 мыңға жуық мас күйдегі жүргізуші ұсталғаны, 9 мың адамның көлік жүргізу құқығынан айырылғаны, 15 мың адамның әкімшілік қамауға алынғаны, 215 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынғаны аталып өтті.

Әр цифрдың артында қаншама жанның өмірі мен денсаулығы тұр. Өкінішке қарай, бізде көлік жүргізу мәдениеті мен тәртіп деңгейі өте төмен. Біз жолдағы құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатып келеміз. Соған қарамастан, полиция жол бойында мас күйде рөлге отырған және бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған мыңдаған жүргізушіні ұстайды. Әрине, мұндай заң бұзушыларға барынша қатаң шара қолдану керек, - деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, елді мекендердегі камералар санын көбейтіп, республикалық маңызы бар автожолдарда аппараттық-бағдарламалық кешендерді белсенді пайдалану керек.

Следующая →