Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 20 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда отандық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне қаражатты "Жасыл Даму" АҚ бөлетін болады

Новости Казахстана / Ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 20 млрд теңге бөлінеді
Фото:
Устинка LIVE

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Устинка LIVE Үкіметтің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Бөлінген қаражатқа фермерлер лизингке 500-ден астам техника сатып ала алады: шамамен 80 комбайн және 450 трактор.

Айта кету керек, лизингке техникалық регламенттерде белгіленген экологиялық талаптарға сай келетін және барлық қажетті сәйкестік сертификаты бар техника беріледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша жалпы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жыл сайынғы көлемі 170 млрд теңгеден асады.

Жаңа бағдарлама аясында техника лизингке 6% мөлшерлемемен және 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бір лизинг алушыны қаржыландыру сомасы 205 млн теңгеден аспайды. Бір фермер жеңілдікпен өздігінен жүретін 3 ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала алады. Қаржыландыруды 2 жыл ішінде бір рет қана алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақындағы халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын арттыруды тапсырған болатын.

Следующая →