Өскемен
Қалың бұлтты
-31°
  • Өскемен
    -31°
  • Семей
    -22°
  • Алматы
    -10°
  • Риддер
    -22°
  • Астана
    -30°
  • Ақтөбе
    -12°
  • Ақтау
    -1°
  • Атырау
    -2°
  • Қарағанды
    -26°
  • Көкшетау
    -30°
  • Қостанай
    -22°
  • Қызылорда
    -12°
  • Павлодар
    -31°
  • Петропавловск
    -31°
  • Тараз
    -8°
  • Түркістан
  • Орал
    -7°
  • Шымкент
    -3°
$
497.56
586.92
¥
72.55
6.44
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлы дала жорығы-2023 жеңімпазы анықталды

1300 шақырымдық марафон-бәйгенің жеңімпаздарының есімі бүгін "Түркістан-арена" стадионында белгілі болды

Новости Казахстана / Ұлы дала жорығы-2023 жеңімпазы анықталды
Фото:
.instagram/joryq2023

4 команда 19 қыркүйекте таңғы сағат 7.00-ден бастап соңғы межені еңсеруге аттанған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE joryq2023 ақпаратына сүйеніп.

Сонымен, Ұлы дала жорығы-2023 жеңімпазы - Жетісу командасы.

Марапаттау рәсімі кешкі сағат 18.30-ға жоспарланған. Марапаттау рәсіміне Түркістан тұрғындары мен қала қонақтарын куә болмақ.

Осы орайда айта кетейік, "Рекорд" командасындағы 21 жастағы Мағжан Абдолұлы 1300 шақырымның соңғы 50 шақырымын бағындыруға таңғы сағат 7.10-да аттанып, Түркістандағы мәре сызығын 08 сағат 44 минут 09 секундта бірінші болып кесті.

Астанадан Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды бастан-аяқ 1 атпен еңсеруді мақсат еткен "Рекорд" командасының құрамы Астана қаласы, Маңғыстау мен Жетісу облыстарының шабандоздарынан құралған.

Қазақ жылқысының атын Гиннес рекордтар кітабына енгізуді көздеген азаматтарға төрешілер шешімімен қомақты жүлде қоры беріледі.

1-орынға - 2,5 миллион теңге, 2-орынға - 2 миллион теңге, 3-орынға - 1,5 миллион теңге.

Естеріңізге сала кетейік, "Ұлы дала жорығы" республикалық марафон-бәйгесінің бас серіктесі – Sport Qory туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

Следующая →