Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Боранбаев мемлекетке құны 90 млн теңгеден асатын активтерді қайтаруда

Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі Қайрат Боранбаев қайтарған активтер арасында мұнай кен орны да бар

Новости Казахстана / Боранбаев мемлекетке құны 90 млн теңгеден асатын активтерді қайтаруда
Фото:
ҚР ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Тергеу шеңберінде жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданды, - деп мәлімдеді ҚР ҚМА. - Сондай-ақ, Қайрат Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды.

Осы объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына берілсе, ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Боранбаев табиғи газ импорты кезінде қаражатты жымқыру эпизоды бойынша тергеу аясында 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын.

Жалпы қазақстандық бизнесмен ағымдағы жылдың наурызында бөтен мүлікті иемденгені және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Оның мүлкі тәркіленіп, сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Жазда сот бұл үкімнің күшін жойды, тараптар процессуалды келісім бекіту туралы шешімге келді.

Следующая →