Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Медицина қызметіне шағымданғандар неге шағымын қайтарып алып жатады?

Медициналық көмекке қатысты ресми шағымдардың 35 пайыздан астамын шағым берушілер кері қайтарып алған

Новости Казахстана / Медицина қызметіне шағымданғандар неге шағымын қайтарып алып жатады?
Фото:
Устинка LIVE

Тексерістен қашқан медициналық ұйымдар пациенттерден шағымын қайтарып алуды сұрайды екен, деп деп хабарлайды Устинка LIVE Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ақпаратына сүйеніп.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 301,4 мың өтініш, оның ішінде шамамен 13,4 мың шағым келіп түсті, - делінген хабарламада. - Алайда өтінім берушілердің үштен бірі шағымдарын қайтарып алады. Әлеуметтік желілерде шағым қалдыру туралы айтсақ, бұл ресми байланыс арнасы болмағандықтан, Қор мамандары мұндай хабарламалар негізінде тексерулер жүргізе алмайды. Осыған орай, тиісті шаралар қабылдануы үшін азаматтардан ресми сауал жолдауын сұраймыз.

2023 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымға дейін Қордың CRM жүйесіне 1406/1414 Call-орталығы, Qoldau 24/7 мобилді қосымшасы, Қордың fms.kz сайты, Telegram-дағы @SaqtandyrýBot ресми байланыс арналары арқылы 301 436 өтініш келіп түсті.

13 397 арыз-шағымның басым бөлігі (87%) медициналық көмек көрсетуге қатысты болып отыр. Оның жартысына жуығы (43,5%) медициналық көмектің сапасыз көрсетілгеніне наразылық білдірсе, медициналық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайлар төрттен бір бөлігін құрайды (26,3%). Ал 5,8%-ы дәрі-дәрмектерді беруден бас тартты.

Айта кетерлігі, ең көп шағым Алматы (20,4%) және Астана (17,1%) қалаларының тұрғындарынан келіп түскен.

Сарапшылар ресми түрде шағым түскен соң, осы факт бойынша жоспардан тыс мониторинг жүргізеді. Қорда атап өткендей, шағымның үштен бірін өтінім берушілер кері қайтарып алған.

Әдетте, Қор қызметкерлері мониторинг жүргізуге кіріскен кезде медициналық ұйым пациентке хабарласып, оған қажетті медициналық көмек көрсетеді. Кейбіреуі тексеруден қашып, азаматтардан шағымын кері қайтарып алуын сұрайды. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес, өтінім беруші сұрауына шешім қабылдағанға дейін шағымын қайтара алады. Өкінішке қарай, мұндай жағдайда, біздің сарапшылар жұмысқа кіріскенімен, одан әрі іс-шараларды тоқтатуға тура келеді, – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Сәбит Ахметов.

Пациенттер медициналық көмек алу кезінде тағы да қиындықтарға тап болып, қайта өтінім берген жағдайлар кездеседі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде шағымдарды жариялау жағдайлары жиілеп кетті. Алайда әлеуметтік желілер ресми байланыс арнасы болып саналмайды. Сол себепті мұндай арыз-шағымдар бойынша Қор мамандарының қандай да бір шара қолдануға құқығы жоқ.

Өтініш-шағымдарды келесі байланыс арналарына қалдыру қажет:

  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
  • fms.kz ресми сайты
  • Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
  • 1414 байланыс орталығы
Следующая →
Тақырыптар: ҚР ӘМСҚ Пациент шағымы