Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Елдегі мектептерде алғаш рет "ақындар айтысы" байқауы басталды

Ақындар дәстүрін жалғастыруды көздейтін республикалық байқау елдегі білім беру ұйымдарын біріктіре түспек

Новости Казахстана / Елдегі мектептерде алғаш рет "ақындар айтысы" байқауы басталды
Фото:
ҚР Оқу-ағарту министрлігінен

"Ақындар айтысы" байқауы мұндай кең көлемде елімізде алғаш рет өткізіліп отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Биыл 11 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында бірінші тоқсан бойы "Ақындар айтысы" суырып салма ақындар мүшәйрасы өтеді. Байқау "Төрт тоқсан – төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізілуде, - деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігі. - Бұл жоба Қазақстанның ұлттық өнерін, мәдениетін және мұрасын қолдау мен дәріптеуге арналған. Қазірдің өзінде Қазақстан бойынша жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру мақсатында "Ақындар айтысы" ашық сабақтары басталып кетті.

Бұл байқаудың мақсаты – айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау.

Айта кету керек, "Ақындар айтысы" байқауы мұндай кең көлемде елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл ауқымды республикалық акция еліміздегі барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге бағытталған және білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, ақындар дәстүрін жалғастыруға ынталандырады.

Следующая →