Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚМДБ мектепте орамал тағуға байланысты уәкілетті мекемелерге ұсыныс білдірген

Соңғы кезде жаңа оқу жылы басталғанда кей мектептерде оқушылардың сабаққа орамал тағып келу мәселесі туындайды

Новости Казахстана / ҚМДБ мектепте орамал тағуға байланысты уәкілетті мекемелерге ұсыныс білдірген
Фото:
ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы мәселеге қатысты өз мәлімдемесін жариялайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылады. Бұл мәселе мүфтият қызметкерлерін де бейжай қалдырмаған. ҚМДБ өз құзыреті аясында бұл мәселеге қатысты уәкілетті мемлекеттік мекемелерге тиісті ұсыныстар бергенін мәлімдеді.

Мұсылман жамағатының өтініші ескеріліп, оң шешім қабылданады деп үміттенеміз, - делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.

Иманды, білімді ұрпақ тәрбиелеу – әрбір ата-ананың басты мақсаты. Шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу – парыз. Сол секілді білім алудың да үкімі – парыз.

Мүфтият шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз екенін жоққа шығарған емес. Сондай-ақ, орамал тағу ұлттық дәстүріміз. Мұны мұсылман қауымы терең түсінуі тиіс. Алайда шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мұны да мұсылман жамағаты дұрыс түсінуі керек.

Следующая →
Тақырыптар: ҚМДБ Мектеп Орамал