Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +20°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Ұлы дала" әдеби байқауына жұмыстар қабылдау басталды

Биылғы байқау Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орайластырылып отыр

Новости Казахстана / "Ұлы дала" әдеби байқауына жұмыстар қабылдау басталды
Фото:
pexels.com

AMANAT партиясының "Ұлттық мұра" жобасы аясында Жазушылар одағымен бірлесіп өткізіп келе жатқан "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы осымен бесінші мәрте ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шығармашылық доданың басты мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды паш ететін бүгінгі отандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау. Сонымен қатар, Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы ойларды жаңғырту арқылы ағартушының еңбектері мен қайраткерлік ұстанымын өскелең ұрпаққа дәріптеу, - деп хабарлады AMANAT партиясының ШҚОФ баспасөз қызметі.

Байқауға қатысушылар бес номинация бойынша бақ сынайды: "Проза", "Поэзия", "Драматургия", "Әдеби сын" және "Балаларға арналған шығарма". Бұдан бөлек, байқауда "Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы" және "Алаш аманаты" арнайы жүлделері де қарастырылған.

Шығармалар бүгін, яғни 11 қыркүйектен бастап, 10 қарашаға дейін қабылданады. Ережеге сай еліміздің барлық өңіріндегі партияның аймақтық филиалдарында ұйымдастыру комитеттері құрылады. Әрбір аймақтық ұйымдастыру комитеттерінде байқауға қатысушылардан шығармаларды қабылдап алатын арнайы электронды мекенжайлар ашылды, - делінген хабарламада. - Өз кезегінде аймақтардан келіп түскен шығармаларды Республикалық ұйымдастыру комитеті тексерістен өткізіп, арнайы бүркеншік есіммен аikyn.kz сайтынан ашылған «Ұлы дала» байқауы айдарында күнделікті жариялап отырады. Қызығушылық танытқан кез келген оқырман шығармалармен сол жерден таныса алады.

Айта кетейік, байқауға 20-45 жас аралығындағы авторлар қатыса алады. Келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 13-20 қараша аралығында қарайды. Байқау нәтижесі "Тәуелсіздік күні" қарсаңында қорытындыланып, салтанатты іс-шарада жеңімпаздарға марапаттар тапсырылады.

imgonline-com-ua-Resize-4mGVsmyGjedk.jpg

Следующая →