Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Көлік министрі Алматыдан Өскеменге дейін көлікпен келмекші

Марат Қарабаев көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру үшін төрт облысты басып өтеді

Новости Казахстана / Көлік министрі Алматыдан Өскеменге дейін көлікпен келмекші
Фото:
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен

Министр демалыс күндері Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына келуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі министрліктің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Бүгін ведомство басшысы Алматы облысына келді. Ең алдымен Шамалған станциясының айналма жолының құрылысын және "Сарыөзек – Көктал" (45-68 км) автожолында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын тексереді, - деді министрдің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан. - Сондай-ақ, министр "Қорғас" құрғақ портының жұмысымен танысып, "Алматы – Қорғас" автожолының сапасын бағамдап қайтуды жоспарлап отыр.

Министрлік басшысы Марат Кәрімжанұлы демалыс күндерін пайдаланып, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына да келмек. Алматы облысынан Өскеменге дейін автокөлікпен жүріп өтіп, министр аталған өңірлердегі жол құрылыстарын, көлік объектілерін қайта жаңарту жұмыстарын, көлік қозғалысына арналған көпірлердің жай-күйін тексереді.

Следующая →