Өскемендік өрт сөндіру қызметкері жеңіспен оралды
Астана қаласында қоян-қолтық ұрыстан турнир өтті
![Новости Казахстана / Өскемендік өрт сөндіру қызметкері жеңіспен оралды Новости Казахстана / Өскемендік өрт сөндіру қызметкері жеңіспен оралды](/upload/iblock/31a/4zzmbpl75h2libztv632wy94gagkxign/imgonline_com_ua_Resize_aw54i8XMHkNFk.jpg)
Қатысушылар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогы үшін сынға түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
Жарысқа 8 команда қатысқан. Нақтырақ айтсақ, барлығы 70-ке жуық спортшы-құқық қорғау органдарының қызметкерлері 8 салмақ дәрежесінде күш сынасты. Тактика мен шеберлікті Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ассоциация қауымдастығының мамандары бағалады.
Жоғары бәсекелестікке және мықты қатысушыларға қарамастан, "ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі" №9 ӨСБ өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі Ерзат Сақабанов жақсы нәтиже көрсетіп, 67 кг салмақта 3-орынды (жеке есепте) иеленді.
Ұйымдастырушылар бұл турнирді дамыту, адамдардың санын көбейту, тіпті оны халықаралық деңгейге көтеруді жоспарлауда.