Rixos қонақ үйінің 17 қызметкері астан уланған
Олардың жетеуі жұқпалы аурулар орталығына жатқызылған
Қазіргі таңда санитарлар қонақ үйдің мейрамханасында жоспардан тыс тексеріс жүргізуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ақпаратына сүйеніп.
Rixos қонақ үйінің қызметкерлері арасында "Бактериялық ішек инфекциясының" 17 жағдайы тіркелген, - деп хабарлады СЭБД басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова. - Инфекцияны жұқтырған 17 науқастың 7-еуі Көкшетау қаласының ИАО-ға жатқызылды, қалған науқастар амбулаторлық емделуде, жағдайларыы қанағаттанарлық.
"Бурабай" санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Rixos қонақ үйінің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр.
Зертханалық зерттеуге судың, тамақ өнімдерінің және шайындылардың сынамалары алынды, қызметкерлер тексерілді, барлық сынамалар зертханалық зерттеуде. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда, - деді департамен басшысының орынбасары.