Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда мүгедек балаларды емдейтін шағын үйлер ашыла бастады

Бұндай үйлер Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Астана қалаларында ашылды

Новости Казахстана / Қазақстанда мүгедек балаларды емдейтін шағын үйлер ашыла бастады
Фото:
ҚР Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйенсек, ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру аясында Қазақстан өңірлерінде жеке секторды тарта отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сыйымдылығы шағын үйлер құру жөніндегі пилоттық жоба басталды.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау аясында жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы жеке секторды тарту арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік орталықтарын кезең-кезеңімен монополиясыздандыру жоспарлануда. Cыйымдылығы шағын үйлер тікелей мүгедектігі бар адамдар тұратын жерлерде, оның ішінде ауылдық жерлерде құрылады, - деп мәлімдеді ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Пилоттық жобаға еліміздің 7 өңірі қатыспақ: Ақмола, БҚО, Қарағанды, Түркістан облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалалары.

Бұған дейін хабарланғандай, мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы шағын бірінші үйдің ашылуы 2023 жылдың 4 шілдесінде Қарағандыда өтті.

Биыл 29 тамызда Көкшетау және Шымкент қалаларында, ал осы жылдың 1 қыркүйегінде Астана қаласында сыйымдылығы шағын үйлер ашылды.

Следующая →