Зиянды өндірісте жұмыс істейтіндерге әлеуметтік төлемақы беріледі
Денсаулығына келтірілген зиян дәрежесіне қарай олар 55 жастан бастап әлеуметтік төлем алады
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қолдау тетігін әзірлегенін айтты. Парламенттен Үкіметтің ұсынысын жеделдетіп қарауды сұрады.
Салаларды дамытуға қосқан қомақты үлесін және денсаулығына келтірілген зиянның дәрежесін ескере отырып, мұндай жұмысшыларға зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін, яғни 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем төленеді. Парламенттен Үкіметтің ұсыныстарын жедел қарауды сұраймын. Халық бұл мәселенің шешімін күтіп отыр, - деді Мемлекет басшысы Жолдауында.