Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Президент: "Барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажет"

Мемлекет басшысы экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізгі тұстарын атап өтті

Новости Казахстана / Президент: "Барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажет"
Фото:
akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету екеніне назар аударды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда, - деді мемлекет басшысы. - Бұл ретте металды терең өңдеу мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн. Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек.

Жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауарлар мен кадрларды, басқаша айтқанда, барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажеттігін қадап айтты. Осылайша жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы жаңаша даму үлгісіне көшуге тиіспіз.

Мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп, өндірістің барлық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін өндіріс саласын реттейтін және ынталандыратын түрлі тәсілдерді қолдану қажет. Өңдеу өнеркәсібі шикізатты көңілге қонымды бағамен жеткілікті көлемде алуы керек,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. - Сонымен бірге реттелетін сатып алу кезіндегі өз тауарларымыздың үлесін арттыру және офтейк жүйесін толық іске қосу қажет. Еліміздегі өнім өндірушілермен жасалатын офтейк келісімшарттардың үлесін кемінде 10 пайызға жеткізу керек. Бұл – жыл сайын 2 триллион теңге деген сөз.

Следующая →