Ертең ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Жолдау республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі, деп Устинка LIVE Ақорданың баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады, - делінген хабарламада.
Жолдаудан тікелей эфир сағат 11.00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.
Жолдаудың мәтіндік трансляциясын Aqorda-ның телеграм арнасынан оқуға болады.