Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл Қазақстанда екінші рет "Ұлы дала жорығы" өтеді

Жүз шабандоз екі апта ішінде еліміздің 5 өңірін, яғни, 1300 шақырымды жүріп өтеді

Новости Казахстана / Биыл Қазақстанда екінші рет "Ұлы дала жорығы" өтеді
Фото:
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Бұл Қазақстандағы жылдың ең ауқымды спорттық іс-шараларының бірі, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ақпаратына сүйеніп.

Марафонға 20 команда қатысады деп жоспарлануда.

Марафон 6 қыркүйекте Ақмола облысының Қаражар ауылында басталып, 14 күнге созылады, ол үшін қатысушылар еліміздің 5 өңірі - Ақмола облысы, Қарағанды облысы, Ұлытау облысы, Қызылорда және Түркістан облыстары арқылы 1300 км қашықтықты жүріп өтеді. Түркістан қаласында марафон аяқталады. Жалпы, шабандоздар 12 аудан мен 52 елді мекенді аралайды. Марафонға қатысу үшін халықаралық судьялар мен жоғары білікті ветеринарлар шақырылған, - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлі Асхат Оралов.

"Ұлы дала жорығы" марафонының мақсаты - бірегей ұлттық бренд құру, дәстүрлі ат спортын, атап айтқанда, қазақтың "қазанат" жылқы тұқымын танымал ету. Мұндай жарыстар БАӘ, АҚШ, Испания, Франция, Ұлыбритания, Германия, Канада және Австралия сияқты елдерде Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қамқорлығымен үнемі өткізіліп тұрады.

Биыл "Ұлы дала жорығы" екінші рет өтеді. Естеріңізге сала кетейін, өткен жылы Маңғыстау облысының құрама командасы бәйге марафонының жеңімпазы атанды, Жетісу облысының спортшылары екінші орынды, Түркістан облысының құрамасы үшінші орынды иеленді. Жоба YouTube-те 5 миллионнан астам және TikTok-та 30 миллионнан астам қаралым жинады, - деп еске салды министр.

Следующая →