Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қарағанды шахтасында болған жағдайды арнайы комиссия тексереді

Қарағанды облысындағы шахтада болған өрт салдарынан 5 адам қаза тапты

Новости Казахстана / Қарағанды шахтасында болған жағдайды арнайы комиссия тексереді
Фото:
gov.kz

Бұл жазатайым оқиғаны арнайы тергеу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комиссия құрды, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Комиссияны Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаев басқарады. Комиссияның құрамына Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин, ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арман Абылқасымов, Қарағанды облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Саяш Ахметов, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Абзалиев, Қарағанды облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Төлеу Мұхтар және басқалар кірді, - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми арнасы ақпаратында.

2023 жылдың 17 тамызында сағат 10.05-те Қарағанды облысы Шахтинск қаласында, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін (горизонт – 170 м) қазу кезінде конвейер лентасы жанып, апатты жою жоспары енгізілді.

Шахтада барлығы 227 адам болды, 17 тамызда 222 жұмыскер жер бетіне шығарылды. Құтқару операциясының қорытындысы бойынша 17-19 тамыз аралығында 5 адамның денесі табылды. Ауруханада 11 адам емделуде.

Следующая →