Таразда судья 2 млн теңге пара алған
Ол қылмыскерді бас бостандығынан айырмай, басқа жаза тағайындау үшін пара алған көрінеді
Бұны Антикоррупциялық қызмет әшкереледі, деп хабарлайды Устинка LIVE агенттіктің ақпаратына сүйеніп.
ҚР Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны анықталған.
Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдектелуде, - делінген хабарламада. - Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.