Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл 7 мыңнан астам студент жатақханада тұру үшін өтемақы алады

Басқа қалаларда тұратын ата-анасынан айырылған және мүгедек студенттерге мемлекет тарапынан осындай қолдау көрсетілмек

Новости Казахстана / Биыл 7 мыңнан астам студент жатақханада тұру үшін өтемақы алады
Фото:
Устинка LIVE

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" Жолдауында Үкіметке "...студенттердің жекелеген әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін жатақханада тұру шығыстарын субсидиялау мүмкіндігін пысықтауды" тапсырған болатын.

Президент тапсырмаларын орындау аясында жаңа оқу жылы қарсаңында Үкімет тиісті қаулы қабылдады.

"Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларына" өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оған сәйкес азаматтардың жекелеген санаттары үшін еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында білім алу кезінде жатақханада тұру шығыстары үшін өтемақы төлеу көзделген, - деп мәлімдеді ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Жатақханаларда тұру шығыстары үшін өтемақы сомасы жылына 29 айлық есептік көрсеткішті құрайтын болады.

Биыл барлығы 7 145 адам өтемақы алатын болады. Олардың ішінде 4 651 жетімдер және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер. 2 494 мүгедектігі бар, бала кезінен мүгедек адамдар, мүгедектігі бар балалар бар.

Өтемақы осы жылдың қыркүйегінен бастап берілетін болады.

Следующая →