Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл Қазақстанның "Үздік педагогі" 3,5 миллион теңгеге жуық сыйақы алады

Елімізде "Үздік педагог" республикалық байқауы басталды

Новости Казахстана / Биыл Қазақстанның "Үздік педагогі" 3,5 миллион теңгеге жуық сыйақы алады
Фото:
t.me/ oqu_agartu

Оған меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттық педагог қызметкерлері қатыса алады, деп мәлімдед ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Конкурс үш кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық және республикалық. Үміткердің педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері және конкурсқа қатысу кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық тәжірибесі болуы керек. Байқаудың бірінші кезеңіне қатысуға 1311 өтінім берілген. Қазіргі уақытта аудандық/қалалық комиссия олардың портфолиосын бағалау жұмыстарын жүргізуде, - делінген министрлік ақпаратында.

Екінші кезеңде әр аудан/қаладан 100 ұпайдың 80 пайызынан кем емес ұпай жинаған 10 қатысушы таңдалады.

Республикалық байқаудың үшінші кезеңі осы жылдың қыркүйек айында өтеді.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша 64 жеңімпаз "Үздік педагог" куәлігімен, "Үздік педагог" төсбелгісімен және 1 000 АЕК (3 450 000 теңге) көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Следующая →