Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алматыда “Маугли” болып кеткен балалар табылды

Үш баланы аш-жалаңаш, қоқысқа батқан үйде қамап отырған балалардың анасы ата-ана құқығынан айырылатын болады

Новости Казахстана / Алматыда “Маугли” болып кеткен балалар табылды
Фото:
Polisia.kz

Балаларды Медеу аудандық ПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы тапқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Дабыл қаққан Медеу аудандық ПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы бірнеше күн бойы полицияда есепте тұрған 41 жастағы Х.есімді азаматшаның есігін торуылдаған.

Бұл отбасын биыл мамыр айында тіркедік, балалардың анасы Павлодардан келген. Тексеру кезінде әйел байланысқа шығуға құлықсыз болды. Кезекті тексеру барысында, 8 тамызда бірдеңенің дұрыс емес екенін сездім: үйде дыбыстар естілді, бірақ есікті ешкім ашпады. Менің дабылым бойынша оқиға орнына жергілікті учаскелік инспектор, ТЖД қызметкерлері мен қамқоршылық өкілдері тартылды. Есік күшпен ашылды. Сараптамамен расталғандай, әйел үйде “орташа дәрежедегі” алкогольдік масаң күйде болған. 2016 жылы туған қыз балаға, 2018 жылы туған ұл балаға және 2020 жылы туған тағы бір ұл балаға күтім жасалмаған. Үйдің іші лас, қоқыс. Үшеуі де бірден өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсету орталығына жеткізілді, – дейді Медеу аудандық ПБ ЮПБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Айжан Бутабаева.

Медеу аудандық полиция басқармасы басшылығының айтуынша, іс материалдары жинақталып, әйелді одан әрі ата-аналық құқығынан айыру үшін 2023 жылдың 18 тамызында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданатын болады.

Следующая →