Балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы жасалуда
ҚР Оқу-ағарту министрлігі жыл соңына дейін бірыңғай деректер базасын әзірлемек
Бұл мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз етпек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Ата-аналардың отбасының өмірлік түрлі жағдайларына байланысты мектепке дейінгі ұйымды таңдауының жаңа жолдары қарастырылуда. Балаларға тең жағдай жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз етудегі тағы бір маңызды мәселе - халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын тегін тамақтандыру болып табылады, - дейді Ғани Бейсембаев.
Айта кету керек, елімізде 2-6 жас аралығындағы балалардың 89,1 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтылады.