Алматы әкімі велосипедпен жүретін болады
Бауыржан Байбек қызметтестері экологиялық бастаманы бастап кеткенін және алдағы уақытта өзі де велосипедке ауысатынын хабарлады
Фото:
voxpopuli.kz
Алматы әкімі Бауыржан Байбек тұрғындармен есептік кездесуі барысында экологияны жақсарту үшін велосипедпен жүруге дайын екендігін жеткізді. Қала басшысының айтуынша, әкімдіктің 80-дей қызметкері осы әдіске көшкен, деп жазады «Today.kz сайты».
"Экология бойынша барлығының демеуі қажет. Жаяу көбірек жүріп, ТЭЦ, көлікті газға көшіру керек, бұл экологияны жақсартады. Әл-Фарабиден жоғары жаңа құрылыс бастау туралы кеңесудеміз. Ең алдымен адамдардың өздері шешім қабылдау керек. Егер сіздер экология үшін болсаңыздар, онда велосипедтерге ауысу керек, жеке өзім ауысамын, әкімдікте 86 адам велосипедпен жүр", - дейді Бауыржан Байбек.