Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да компьютерге қашықтан қосылып, ҰБТ тапсыруға көмектескендер ұсталды

ШҚО мен Қызылорда облысындағы ҰБТ мен ПББ жүргізуге жауапты ұйымның қызметкерлері тестілеуге заңсыз араласқан

Новости Казахстана / ШҚО-да компьютерге қашықтан қосылып, ҰБТ тапсыруға көмектескендер ұсталды
Фото:
ҚР ҰҚК-дан

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттері прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, өңірлерде Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) және педагогтердің білімін бағалауды (ПББ) жүргізуге жауапты ұйымның жеке қызметкерлерінің тестілеу процесіне заңсыз араласу әрекетін тыйды.

Серверлік жабдыққа және басқа да ақпараттық ресурстарға қолжетімдіктерін пайдаланып, күдіктілер арнайы бағдарламаларды қолдану арқылы талапкерлер мен педагогтардың компьютерлеріне қашықтан қосылып, ақшалай сыйақы үшін оларға тестен жоғары нәтижелер алуға жәрдем көрсеткен, - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

19 шілдеде 3 негізгі күдікті ұсталды. Тінту барысында қашықтан қосылуды қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен бағдарламалар, ақшалай қаражат және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Осы орайда айта кетейік, 2022 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін 6 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартқан.

Следующая →