Ұшақ бортында темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды
Шетел азаматы Алматы-Көкшетау бағытындағы әуе рейсінде өрескел тәртіп бұзған
Фото:
pexels.com
Әуе компаниясының өкілдері оны жеткен бойда тәртіп сақшыларына тапсырған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы-Көкшетау бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Qazaq Air әуе компаниясының өкілдері құқық бұзған жолаушыны Көкшетау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне берді, - делінген хабарламада.
48 жастағы ҚХР азаматына ҚР ӘҚБтК-ның 441-бабының 1-2-бөлігімен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.