Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қостанай мен Астанада жалған доллар сатумен айналысқан бес адам ұсталды

Оның біреуі жалған валютаны тауып әкеліп отырса, екеуі оны Қостанай өңірінде, ерлі-зайыпты тағы екеуі Астана қаласында сатумен айналысып жүрген

Новости Казахстана / Қостанай мен Астанада жалған доллар сатумен айналысқан бес адам ұсталды
Фото:
pexels.com

30 000 жалған доллардың 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленді, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ақпаратына сүйеніп.

Қостанайда 5 азамат өңір аумағы мен Астанада жалған АҚШ долларын сатумен айналысқан. С. Шарапиев азамат ақшаны тауып әкелумен айналысса, Т. Жакупов және А. Шаймердинов Қостанай облысының аумағында сатуды, ерлі-зайыпты Бердімұратовтар Астана аумағында сатумен айналысып келген, - деп хабарлады агенттік.

Ұйымдасқан қылмыстық топқа "Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу" бабымен, сондай-ақ жәбірленушілерді алдау фактілері болғандықтан "Алаяқтық" бабы бойынша айып тағылды.

Сот үкімімен С. Шарапиев ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, А. Шаймердинов мен Т. Жакупов орташа қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға дейін, Бердімұратовтар жұбы шартты түрде 5 жыл 2 айға бас бостандықтарынан айырылды, - деп хабарлады агенттік.

ҚМА мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін "көлеңкелі" экономика саласындағы қылмыстар фактілерін ашуға бағытталған іс-шараларды жалғастыратын болады.

Следующая →