Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

4 жылда 124 қазақстандық допинг үшін спорттан шеттетілген

Бұл 2016-2020 жылдар аралығындағы көрсеткіш. Спортшылар әр түрлі мерзімге спорттан шеттетілген, тіпті өмір бойына спортпен қошайтысқандары да бар

Новости Казахстана / 4 жылда 124 қазақстандық допинг үшін спорттан шеттетілген
Фото:
depositphotos.com

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында жазылған, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бұл орайда Спорт министрлігі Еңбек кодексіне дисквалификация уақытында спортшы мен жаттықтырушыны шаттағы қызметкерлер қатарынан шығару нормасын енгізуді ұсынып отыр.

Допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 2016 жылы 14 спортшы 2 жылдан 4 жылға дейін, 2017 жылы 15 спортшы (оның ішінде 1 өмір бойына) және 1 жаттықтырушы, 2018 жылы 37 спортшы, 2019 жылы 44 спортшы, 2020 жылы 14 спортшы жарыстан шеттетілді. Дисквалификация кезеңінде спортшы мен жаттықтырушыға спорттық іс-шараларға және спорттық іс-шаралар шеңберіндегі оқу-жаттығу процесіне қатысуға рұқсат етілмейді, - деген мәліметтер көрсетілген құжатта.

Осыған байланысты министрлік Еңбек кодексіне дисквалификация уақытында спортшы мен жаттықтырушыны шаттағы қызметкерлер қатарынан шығару нормасын енгізуді ұсынып отыр.

Қазіргі уақытта құрама команданың мүшесі еңбек шарты негізінде штаттағы қызметкер саналады. Бұл ретте ҚР Еңбек кодексінде спорттық қызметтің ерекшелігін ескере отырып, оны бұзған жағдайдағы негіздер көзделмеген. Атап айтқанда, өмір бойына немесе 6 ай я болмаса одан да көп мерзімге спорттан шеттету кезінде спортшы мен жаттықтырушы да жұмыс істемейтіні белгілі. Алайда Еңбек кодексіне сәйкес, аталған негіздер еңбек шартын бұзу үшін негіз болып табылмайды, - деген ұсыныс жазылған консультативтік құжатта.

Бұған қоса, тиісті құжатта 2000-2021 жылдар аралығында Олимпиада ойындарында ұлттық құрама спортшылары жеңіп алған лицензия саны 111-ден 98-ге дейін қысқарғаны және оған қандай факторлар себеп болғаны жазылған.

Следующая →