Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты

Бүгін облыстық маңызы бар тас жолда үш көлік соқтығысып, өрт шықты

Новости Казахстана / Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты
Фото:
depositphotos.com

9 адам оқиға орнында көз жұмып, 13 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 17 шілде күні сағат 09.00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғандығы туралы хабарлама келіп түсті, - деді Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев. - Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тас жолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктерінің соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген.

Нәтижесінде 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

Оқиға орнына бірден Түркістан облысы ПД басшылығы барды. Қазір ЖКО бойынша Бәйдібек АПБ полицейлері жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады заң қызметкерлері.

Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Следующая →