Қазақстанда ұлттық спортпен айналысатындар саны артқан
Соңғы 3 жылда ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 35%-ға өскен
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдегендей, 2020 жылы олардың саны 432 мың болса, 2022 жылдың соңында 584 мың адамға жетті, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді – 28 мың адам. Өңірде барлығы 110 мыңнан астам адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады. Бірден бірнеше облыста спортшылар саны 10 мыңға өсті. Бұл Қостанай (13 мыңнан 23 мыңға дейін), Қызылорда (20 мыңнан 30 мыңға дейін), Павлодар (17 мыңнан 27 мыңға дейін), Солтүстік Қазақстан (8 мыңнан 18 мыңға дейін) облыстары және Шымкент қаласы (10 мыңнан 20 мыңға дейін), - делінген хабарламада.
Ұлттық спорт түрлерімен айналысатындар саны бойынша көшбасшылардың үштігіне Жамбыл (40 мың адам) және Алматы (39 мың) облыстары кіреді.
Қазақстан ұлттық құрамасында спортшылар саны бойынша Түркістан (74 адам), Жамбыл (52 адам) және Астана қаласы (43 адам) көш бастап тұр.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, ұлттық спорт түрлерінің танымалдылығының артуына ұлттық спортты дамыту бағытындағы жүйелі жұмысы септігін тигізуде. Бұл ірі халықаралық турнирлерді өткізу ғана емес. Елімізде қажет инфрақұрылым құрылысы жүріп жатыр, 16,5 мыңнан астам жаңа үйірме ашылды, қолданыстағы жарыстардың форматы өзгеруде.