Өскемен
Қалың бұлтты
  • Өскемен
  • Семей
    -2°
  • Алматы
    +11°
  • Риддер
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Ақтау
    +7°
  • Атырау
    +11°
  • Қарағанды
  • Көкшетау
    -1°
  • Қостанай
    -4°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    -1°
  • Петропавловск
  • Тараз
    +11°
  • Түркістан
    +15°
  • Орал
    +1°
  • Шымкент
    +12°
$
482.33
557.57
¥
70.05
5.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Атырау облысында жол апаты салдарынан 7 адам қаза тапты

Бетпе-бет соқтығысқан екі көліктің жүргізушісі бұрын бірнеше рет жылдамдықты асырғаны үшін жауапқа тартылған

Новости Казахстана / Атырау облысында жол апаты салдарынан 7 адам қаза тапты
Фото:
Polisia.kz

Екі көліктің соқтығысуы салдарынан жеті адам оқиға орнында көз жұмып, тек екі адам аман қалған, деп хабарлады Polisia.kz.

16 шілде күні сағат 15.00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82 шақырым тұсында маркасы Chevrolet Cobalt автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды, - делінген хабарламада.

Соққы салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 1 жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Аталған екі автокөліктің жүргізушілері бұрын бірнеше рет көлік жылдамдығын шамадан тыс арттырғаны үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды, - деді Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік ротасының командирі полиция капитаны Әділбек Шахметов.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Атырау облысы Жол апаты 7 адам қаза болды