Қостанайда құбыр ауыстырып жатқан жұмысшылар адам қаңқаларын тапты
Кеше коммуналдық қызметкерлер адам бас сүйегін тапса, бүгін тағы бір адамның қаңқасы шыққан
Табылған қаңқалар сараптамаға жіберілді, деп хабарлады Polisia.kz.
ПД 4 шілде сағат 14.30-да "ҚЖЭК" МКК қызметкерлері Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру бойынша жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінде адамның қаңқасын тапқаны туралы хабарлады, - делінген хабарламада.
Ал бүгін дәл сол орында тағы бір адамның қаңқасы табылды.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастыруда, - делінген хабарламада. - Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.