"ӨКМ операторы" ЖШС-ның іздеудегі экс-құрылтайшысы Дубайда ұсталды
Шынар Мұқтароваға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі халықаралық іздеу жариялаған болатын
Оған аса ірі мөлшерде ақша жымқыру күдігі ілінген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін "Оператор РОП" ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын, - делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ақпаратында. - Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асыруда.