Өскемен
ясно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +29°
  • Қызылорда
    +34°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +32°
$
459.75
+1.77
494.14
+3.28
¥
63.35
+0.23
5.54
+0.28
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тоқаев: Шетелдік көліктерді әкелу және есепке қою қылмыстық схемасына полицияның да қатысы бар

Қазіргі таңда елге ретсіз кіргізілген көліктердің мәселесін құқықтық тұрғыда реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Новости Казахстана / Тоқаев: Шетелдік көліктерді әкелу және есепке қою қылмыстық схемасына полицияның да қатысы бар
Фото:
Устинка LIVE

Бүгін ҚР Президентінің қатысуымен Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісі өтіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ел аумағына ретсіз әкелінген шетелдік көліктер де жолдағы жағдайды ушықтырып жіберді. Олар тіркеусіз жүрді. Мұндай көліктерді тізгіндеген жүргізушілер жол жүру ережесін өрескел бұзды және көбіне жазасыз қалды. Қазір менің тапсырмам бойынша бұл көліктердің мәселесін құқықтық тұрғыда реттеу үшін заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол уәкілетті мемлекеттік органдардың үстірт шешімі осындай көліктердің елге жаппай әкелінуіне себепші болғанын атап өтті.

Енді жіберілген олқылықтарды түзеуге мәжбүр болып отырмыз. Оның ішінде Ішкі істер министрлігінің де қателіктері бар. Бұдан бөлек, шетелдік көліктерді әкелумен және оны есепке қоюмен айналысатын қылмыстық схемалар пайда болды. Оған полиция қызметкерлерінің де қатысы бар. Әділетті әрі құқықтық мемлекетте бүкіл құқық қорғау жүйесінің атына кір келтіретін мұндай заңсыздықтарға жол берілмеуі керек, - деді мемлекет басшысы.

Следующая →