Өскемен
ясно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +22°
$
480.61
+1.23
534.53
+2.90
¥
67.76
+0.18
5.28
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Онлайн-казино түріндегі заңсыз ойын бизнесі анықталды

Құмар ойындары тәулік бойы жүргізіліп, күнделікті айналымы шамамен 800 000 теңгені құраған

Новости Казахстана / Онлайн-казино түріндегі заңсыз ойын бизнесі анықталды
Фото:
pexels.com

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Ойындарға қатысу сайттарда жарияланған Telegram арнасында жарна төлеу үшін жасалған сілтеме арқылы іске асты. Төлем картшоттарға және электрондық әмиянға жіберілген, оны толтырғаннан кейін ойындарға қатысу үшін логин мен пароль жасақталады, - делінген хабарламада. - Бәс тігулер мен ұтыстарды төлеу шетелдік тұлғалардың картшоттары арқылы жүзеге асырылды.

Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларының аумағында тінту жүргізіліп, заттай айғақтар – ойын бағдарламалары бар ноутбуктер, шетелдік тұлғалар мен Қазақстан азаматтарына берілген банктік қосымшалары бар телефондар табылған.

Барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жалпы сомасы 167 млн теңгеге тыйым салынды. Ұйымдастырушылар мен қатысы бар тұлғаларға тиесілі екінші деңгейлі банктердегі барлық шоттарға тыйым салынды, -деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.

"Онлайн" құмар ойындары тәулік бойы жүргізіліп, күнделікті айналымы шамамен 800 000 теңгені құраған. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға пайдаланылған карт шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асады.

Қазіргі таңда күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оларға қатысты сот 2 ай мерзімге "қамау" бұлтартпау шарасына санкция берді.

Следующая →