Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда тағы қант бағасы қымбаттауы мүмкін бе?

Елде қант тапшылығы мәселесі жоқ, бірақ бағаны қымбаттатпау мәселесі әлі пысықталып жатыр

Новости Казахстана / Қазақстанда тағы қант бағасы қымбаттауы мүмкін бе?
Фото:
Устинка LIVE

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жауап берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Әуелде қанттың көтерме бағасының ең төменгі деңгейін енгізгіміз келді, әзірге тоқтадық. Өйткені, қант қымбаттап жатыр. Бізде қант өндірісі Ресейге қарағанда қымбатқа түседі. Әзірге ресейлік қант арзан, дегенмен біз әзірге жағдайды қалыпта ұстауды жөн көрдік. Отандық қант зауыттарын қолдау шаралары қазір пысықталып жатыр. Әзірге қант бағасының босаңсуына жол бермеу үшін өндірушіні субсидиялау нұсқасын ғана қарастырамыз, - деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына.

Сондай-ақ, министр шикізаттың қымбаттағанын айтты.

Мәселені шешуде ұзақ мерзімді перспектива тиімдірек. Әрине, қазір жағдай өте тиімді – қант арзан. Бірақ біздің зауыттар қоймадағы қантты сата алмай отыр. Себебі өндіріс құны өте қымбат. Өйткені шикі қант биржаларда қатты қымбаттады. Қант тапшылығы қаупі жоқ, ал қымбаттау бойынша мәселені қарастырамыз, - дейді ол.

Следующая →
Тақырыптар: ҚР Қант Баға