Интимдік сипаттағы видеоны таратпау үшін ақша бопсалаған
Жамбыл облысының төрт тұрғыны қорқытып-үркіту арқылы жас жігіттен 1 млн теңге алған
Күдіктілер полиция қызметкерлерінің қолына түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.
24 жастағы Тараз қаласының тұрғыны полицияға өзін төрт жігіттің бопсалап жүргенін айтып шағымданған. Олар интимдік сипаттағы видеосын таратпау үшін жәбірленушіден 990 мың теңге алған.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 94-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Жамбыл облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесіп 29, 28, 24 және 19 жастағы жылы төрт азаматты анықтап, ұстады, - делінген хабарламада.
Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады. 24 пен 29 жас аралығындағы күдіктілер Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі қатысушыға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталғандардың бірінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта істің толық мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.