Азаматтық авиация күнін мерекелер тізіміне енгізуді ұсынды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл кәсіби мерекені 1 ақпанда атап өтуді ұсынды
Осындай ұсыныс ашық үкімет порталында жария талқыға шығарылды.
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын: Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні – 1 ақпан; Кеңес әскері шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан, - делінген қаулы жобасында.
Индустрия министрлігінің мәліметінше, аталған бастаманы Қазақстан азаматтық авиация кәсіпорындарының бірлескен соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі ұсынған.