Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқушылар ұстаздарының көмегімен "багги" көлігін құрастырды

Ұлытау ауданы оқушылар үйінің үйірме жетекшісі оқушыларымен бірге әр техниканың детальдарынан спорттық машина құрап шыққан

Новости Казахстана / Оқушылар ұстаздарының көмегімен "багги" көлігін құрастырды
Фото:
ҚР Оқу-ағарту министрлігінен

Бұл багги көлігі лытау тауларын аралауға ыңғайлы, жанармайды да көп қажет ептейтін көрінеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Жол талғамайтын бұл көлік сағатына 50-60 шақырым жылдамдықпен жүреді. Әр түрлі техниканың детальдарынан құралған. Мәселен, бұрылыс механизмі ВАЗ-2109 машинасынан, дөңгелектері квадрацикл, маторы мотоциклден алынған. Дыбыс сингалы, фарлары бар көлік туристерге таптырмайтын қозғалыс құралы.

Бұған дейін оқушылар шағын модельдермен айналысып, машина, ұшақ жасап жүрді. Былтырғы оқу жылында веломобиль жасап, оқушылармен бірге маторлы машина құрастыруды ойға алған болатынбыз. Дәнекерлеу жұмыстарын өзім жасадым, оқушыларым Темірлан Серік, Шерхан Қуаныш және Ерсұлтан Боранбай детальдарын құрастырып, бояуға көмектесті, - дейді "Бастапқы техникалық модельдеу" үйірмесінің жетекшісі Қазбек Мұқанов.

Ұстаз бен оқушылар "багги" спорттық көлігін 2 айда құрастырып шыққан. Ықшам әрі ыңғайлы техника көптің қызығушылығын тудырып, "Бастапқы техникалық модельдеу" үйірмесіне жазылуға ниетті ер балалар қатары артқан. Ұлытаулық ұстаз шәкірттерін техникаға баулып қана қоймай, осы істі дамытып өңір туризміне де үлес қосуды жоспарлап отыр.
Следующая →