Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты
Самара-Шымкент бағытындағы тас жолдың Қобда ауылы маңында ауыр жол апаты орын алды
Фото:
Polisia.kz
Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ІІМ ақпаратына сүйеніп.
Апат 21 маусым сағат 8.15 шамасында Қобда ауылы маңында Самара-Шымкент автожолының 631 шақырымында болды.
Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі - Тәжікстан Республикасының азаматы рөлді басқара алмай, автокөлікті аударып алған, - делінген ақпаратта. - Салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала оқиға орнында қайтыс болды. 6 адам Қобда ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізіліп, онда 2 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.
Алдын ала болжам бойынша, автокөлік жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған.