Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 350 мың көлікті заңсыз тіркеген
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көліктік бақылау саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шығарды
Сот үкімімен Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. Қ. Құдайбергенов және оның сыбайласы Б. Шумбасова 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ақпаратына сүйеніп.
Екеуі де ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, басқарған, диагностикалық карталарды қолдан жасап, техникалық тексеруден өту туралы ақпараттық жүйеге жалған ақпарат енгізді деп айыпталды, - делінген хабарламада. - ҰҚТ-тың басқа он үш қатысушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, тағы 4 адамның 2 жылға бостандығы шектелді.
Сондай-ақ, сот үкімімен басқа лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Олар барлығы 350 мыңға жуық автокөлік құралын заңсыз тіркеген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.