Балалар отырған автобус өртеніп кетті
Орал қаласында балаларды алып бара жатқан автобус жанып кетті
Жолаушылар көліктен дер кезінде шығып үлгерді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 13 маусым күні Г. Бельгер көшесінде болды.Сағат 12.40-та Г. Бельгер көшесіндегі 114-үй тұсында "ПАЗ" жеке автобусы отқа оранды. Тілсіз жау сағат 13.09-да оқшауланып, 13.14-те ауыздықталды. Адамдар аман. Оқиға орнында 6 адам (1 техника) жұмыс істеді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомство.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, автобус балаларды алып келе жатқан. Барлығы шығып үлгеріпті. Өртеніп жатқан автобустың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Желі қолданушылары көлікте мектеп лагеріндегі оқушылар болғанын және олардың кинотеатрдан қайтып келе жатқанын жазған.