Абай облысындағы өртті сөндіру үшін шет елдердің көмегі қажет пе?
Семей орманындағы өртті сөндіруге Түркия мен Өзбекстан көмек жіберуге дайын
Алайда Қазақстан ешкімнен көмек сұраған жоқ, деп хабарлады Tengrinews.kz.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеген.
Мемлекет басшысы, сондай-ақ сыртқы істер министрі әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті. Түркия мен Өзбекстан Абай облысындағы өртті сөндіруге көмектесуге дайын екенін білдірді, - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Сондай-ақ, ол мемлекеттердің басқа елдерден қандай жағдайда көмек сұрай алатынын айтты.
Егер апат ауқымды болса, оның зардаптарын жоюға мемлекеттің шамасы жетпесе, басқа елдерден көмек сұрауға мәжбүр болады. Әзірге ондай көмек сұрап жатқан жоқпыз. Дегенмен, менің естуімше, бұл елдер көмектесуге дайын екенін білдірді, - деп түсіндірді ол.