Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетіледі?

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Абай облысындағы ірі табиғи өрт бойынша жедел кеңес өткізді

Новости Казахстана / Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетіледі?
Фото:
primeminister.kz

Өрттен қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн теңгеден және әр балаға 2 млн теңгеден бөлінеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Төтенше жағдай себептерін анықтау және салдарын жою үшін арнайы Үкіметтік комиссия құрылған. Әлихан Смайылов 10 күн ішінде оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тиісті қорытынды жасауды тапсырды.

Мемлекет басшысының Абай облысындағы жедел штаб отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін қаза тапқандардың отбасыларына "Қазақстан халқына" қорынан 7 млн теңгеден, сондай-ақ кәмелетке толмаған әр балаға 2 млн теңгеден төленетін болады, - делінген Үкіметтің ресми ақпаратында.

Бұдан бөлек, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында арнайы қор құрылды.

Сонымен қатар, 40-тан астам қазақстандық ЖОО өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне гранттар мен жатақханадан орын беруге дайын. Оған қоса ақылы негізде оқитын студенттер мен магистранттарды грантқа ауыстыру көзделген.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, бүгінгі таңда өрттің жалпы ауданы шамамен 60 мың га-ны құрайды, 43 мың га – белсенді нүктелер. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары үш бағытта жүріп жатыр: шығыс бағытта – өртті тоқтату үшін ауыр техникамен орман кесіліп, қалған екі бағыт бойынша – жету қиын жерлерде өрт жаяу және тікұшақпен сөндірілуде. Жалпы өртті жоюға 1 532 адам, 321 техника және 14 тікұшақ жұмылдырылды.

Следующая →
Тақырыптар: Абай облысы Өрт Көмек