Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өрт кезінде Семейге көшірілген бородулихалық балалар емтиханды қалай тапсырады?

Абай облысындағы өрт салдарынан эвакуацияланғандар арасында 64 бала бар

Новости Казахстана / Өрт кезінде Семейге көшірілген бородулихалық балалар емтиханды қалай тапсырады?
Фото:
pexels.com

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Министрліктің аумақтық департаментінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және облыстық білім басқармасының өкілдері балалармен жұмыстар жүргізуде.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасына асыраушысынан айырылған отбасылармен жеке кездесіп, балалардың психологиялық кеңес алуына, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуына барлық жағдайларды ұйымдастыру тапсырылды, - дейді Ғани Бейсембаев.

Қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала бар. Бүгінде олар отбасыларымен бірге Семей қаласындағы екі колледж ғимаратына орналастырылған.

Сондай-ақ, эвакуацияланған 9, 11-сынып түлектерінің қорытынды емтиханды кедергісіз тапсыруы үшін барлық жағдай жасалуда - мектеп бітіру емтихандары Семей қаласында ұйымдастырылады, - деп жазды министр.

Одан бөлек, ведомство басшысы апат салдарынан асыраушысынан айырылған отбасы балалары жаңа оқу жылында білім алуын еш кедергісіз жалғастыруы үшін мектеп формасымен, қажетті оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтылатынын айтты. Балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің үнемі бақылауында.

Следующая →