Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Еліміздегі балалардың құқығын енді Аружан емес, Динара қорғайды

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкілді ауыстырды

Новости Казахстана / Еліміздегі балалардың құқығын енді Аружан емес, Динара қорғайды
Фото:
ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.

Бұл лауазымға Динара Болатқызы Зәкиева тағайындалды.

Айта кетейік, Аружан Саин 2019 жылдан бері бала құқықтары жөніндегі уәкіл болды.

Динара Зәкиева 1982 жылы Зайсан ауданы, Қаратал ауылында дүниеге келген.

Бейжің Тіл және мәдениет институтын (Қытай 2001 жылы), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "халықаралық құқық" мамандығы бойынша (2002 жылы), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын "халықаралық құқық" мамандығы бойынша (Мәскеу, 2004 жылы); MBA Hult international business school (Дубай 2013 жылы) бітірген.

Еңбек жолы:

  • "ТопЮрАудит" ЖШС бас директорының орынбасары (2004-2005жж.);
  • Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас маманы, ҚР Индустрия және сауда министрлігі (ақпан - тамыз 2005 ж.);
  • "Antarex" ЖШС негізін қалаушы, Rafe мейрамханалар желісі, Астана қаласы (ақпан 2006 ж.);
  • Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының сарапшысы, ҚР Президентінің Әкімшілігі (2007-2013 жж.);
  • "Қасиетті Жол" қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы (2011 ж.);
  • Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары хатшылығы басшысының орынбасары - партияның халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі (2013-2015 жж.);
  • Астана қаласы әкімдігінің "Балалар үйі" КММ директоры (2017-2019ж.);
  • Nur Otan партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы (2019 ж.);
  • Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы "Қамқорлық қоры" корпоративтік қорының басшысы (2019 ж.).
  • 2021 жылғы 15 қаңтардан Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты болды.
Следующая →