Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі күнді жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Новости Казахстана / 12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні
Фото:
ашық дереккөзден

Абай облысындағы орман өртінің салдарынан 14 адам қаза болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында орын алған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін марқұмдар "Құрмет" орденімен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, "Семей орманы" МОТР» РММ 10 маусым күні жоғалған 11 қызметкердің мәйіті табылған, оған дейін орман шаруашылығының үш қызметкері көз жұмған.

Зардап шеккен барлық отбасыға жеке жәрдемақы тағайындалады. Мен сіздерге уәде беремін. Президент жанынан арнайы қор құрылады. Зардап шеккендерге жеке көмек көрсетемін, - деген еді мемлекет басшысы марқұмдардың жақындарымен кездесу барысында.

Одан өзге, Halyk Bank әр отбасына қаржылай көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқандардың отбасына 3 миллион теңге беріледі. Halyk Bank өртте қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына қаржылай көмек жібереді. Сонымен қатар, өртте қаза тапқан азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің осы банктегі бар несиесі есептен шығарылады, – делінген банктің таратқан хабарламасында.

Следующая →