Алматы-Өскемен тас жолында жеңіл автокөлік жүк көлігінің астына кіріп кетті
Жетісу облысында орын алған апат салдарынан екі адам зардап шеккен
Оқыс оқиға Алматы-Өскемен тас жолының 466 шақырымында орын алды, деп хабарлады Polisia.kz.
Жетісу облысының Алматы-Өскемен тас жолында жеңіл автокөлік жүк көлігінің астына кіріп кетті.
МАN жүк көлігі мен Volkswagen Passat жеңіл автокөлігінің қатысуымен болған жол апатында екі адам зардап шекті.
Бүгін таңертең Алматы-Өскемен тас жолының 466 шақырымында жол апаты болды. Болжам бойынша, 42 жастағы неміс шетел көлігінің жүргізушісі зорығып, рульде ұйықтап кетуінің салдарынан, қарама-қарсы жол жиегінде тұрған жүк көлігінің астына кіріп кеткен, - делінген хабарламада.
Ауруханаға бес адам жеткізілді, олардың екеуі ауыр жарақат алды. Медициналық тексеруден кейін үш жолаушы амбулаториялық емделуге жіберілді.
Екі көлік арнайы автотұраққа қойылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.