Жалған ақпарат таратқандар қалай жазаланады?
Өтірік ақпарат таратқандарға айыппұл салынады немесе қоғамдық жұмыстарға тартылады
Қазір әлем желі дамыған сайын ақпарат көзі де көбейді. Алайда оның арасында өтірік ақпараты да бар, шыны да бар. Осындайда ақпараттың рас-өтірігін қалай ажыратуға болады?
Қазір әлеуметтік желіде жарияланған немесе отбасылық чатқа келген күдікті мәліметті stopfake.kz ресми сайтында тексеруге болады.
Жалған мәліметтерді ғылыми түрде зерттеп, халықаралық ұйымдар мен құзырлы мекемелердің көмегімен зерттеу жүргіземіз. Біз қате жаңалықты немесе жалған болып көрінетін хабарламаларды тауып, тексереміз. Әлеуметтік желілерге мониторинг жасаймыз. Күніне 10 шақты фэйк-ақпаратты тексереміз, - дейді Stopfake.kz жобасының жетекшісі.
Жоба жетекшісінің айтуынша, көп жағдайда фейк жаңалықтың дереккөзі болмайды. Ал болған күннің өзінде сілтеме жасалған мекеме немесе маман көбіне күдік тудырады. Жалған ақпарат таратушылар негізінен жалаң эмоцияға, еш ғылыми негізі жоқ жаңалық ашуға құмар.
Ал Қазақстанда көрінеу жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескере кеткен жөн.
Жалған ақпарат таратқандарға 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. Не болмаса, түзеу жұмыстарына, не 400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады.