Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыстың әскери оркестрі республикалық байқауда бас жүлде жеңіп алды

Биыл әскери оркестрлер арасындағы дәстүрлі фестиваль оныншы мәрте ұйымдастырылды

Новости Казахстана / Шығыстың әскери оркестрі республикалық байқауда бас жүлде жеңіп алды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Биылғы фестиваль Мемлекеттік рәміздер күніне және Астана күні мерекесінің 25 жылдығына арналды, деп хабарлайды Устинка LIVE "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының ақпаратына сүйеніп.

Плац-консерттің мақсаты – елдің рухын көтеру, әскери музыканы насихаттау және өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту.

Мәдени іс-шараға ҚР Ұлттық ұланының оркестрлері, Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ансамблі, Қорғаныс министрлігінің Орталық оркестрі және Төтенше жағдайлар министрлігінің оркестрі, сондай-ақ еліміздің шығармашылық ұжымдары қатысты.

imgonline-com-ua-Resize-8psFBPvjQSTxHx.jpg

Плац-концерт барысында музыкалық ұжымдар әлемдік классика мен халық арасындағы рухты әндерді орындауда жоғары шеберлік көрсетті.

Фестивальдің "Әскери керней" конкурсының бас жүлдесін "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жиынтық оркестрі (Өскемен қ.) жеңіп алды.

Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы атынан және өз атымнан барлық әскери дирижерлер мен музыканттарға конкурсқа қатысқаны үшін алғысымды білдіремін. Іс-шараны ұйымдастыруда көрсеткен қолдауы үшін Астана қаласының әкіміне ерекше алғыс айтамын. Соның нәтижесінде Қазақстанның үздік әскери оркестрлері елорданың мәдени алаңдарында өздерінің музыкалық шеберліктерін көрсетті. Барлық музыкалық ұжым мүшелеріне зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін. Жаңа биіктерге жете беріңіздер! Сондай-ақ, еліміздің өркендеуі жолындағы әскери қызметтеріңізге зор табыс тілеймін! - деді Ішкі істер министрінің орынбасары – ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов.

Ұлттық ұланның бастамасымен әскери оркестрлер арасында фестиваль өткізу жақсы дәстүрге айналды. Осы уақыт ішінде оған еліміздің ғана емес, Қытайдың, Ресейдің және басқа да шет мемлекеттердің жетекші ұжымдары қатысқан.

Следующая →