Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР-да енді жас ақын-жазушыларға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі

Бұл сыйлық дарынды жастарға мемлекеттік қолдау көрсету, ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында тұңғыш рет тағайындалып отыр

Новости Казахстана / ҚР-да енді жас ақын-жазушыларға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
Фото:
depositphotos.com

Төрт номинация бойынша әр жеңімпазға 4 млн теңгеден берілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Президеттік әдеби сыйлыққа негізгі 4 номинация: "Проза", "Поэзия", "Драматургия" және "Балалар әдебиеті" бойынша үміткерлер өз еңбектерін ұсына алады. Әр номинацияда жеңімпазға 4 млн теңге сыйақы және "Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты" атағы, диплом және төсбелгі беріледі.

Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер үміткер бола алады. Өтінімдер 2023 жылғы 1 маусымнан 30 маусымға дейін, қағаз және электронды нұсқада қабылданады. Басты шарт – Президенттік әдеби сыйлыққа ұсынылатын жұмыс осыған дейін халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған, тың туынды болуы керек.

Мұндай бастамалар отандық әдебиетті дамыту үшін ғана емес, қазақ тіліндегі контентті көбейту үшін, әсіресе балалар әдебиеті саласындағы контентті көбейту үшін қажет. Бүгінде министрлік театр өнеріне үлкен көңіл бөліп отыр. Біздің мақсатымыз - отандық авторлардың қойылымдарының санын арттыру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жас драматургтер маңызды рөл атқаратынына сенімдімін, - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Следующая →